Таным • 29 Мамыр, 2024

Ғалам ғажаптары: Жанашыр робот

23 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Kim-e» екі доңғалақты, өзін-өзі теңестіретін электр арбасы ерекше жандарға тұруға, қоз­ға­луға, толыққанды өмір сүруге көмектеседі. Адам орнынан тұр­ғысы келгенде, қайшы түріндегі ме­ханизм орындықты бір уақытта еңкейтіп, көтереді.

Ғалам ғажаптары: Жанашыр робот

Оны литвалық «Chronus Robotics» стартапы құрды. Құрылғының алғашқы бастамасы 2020 жылы жарияланған-тұғын. Жақында оның алғашқы сынақтары бас­талды. Оның жамбас белдіктері үдеріс кезінде адамның орындықтан сыр­ғып кетпеуін қамтамасыз етеді. Орын­дықты көтеру механизмі мен дөңге­лектер дененің жоғарғы бөлігінің қозғалы­сымен басқарылады. Сондықтан пайдалану­шының қолдары әрқашан бос болады. «Kim-e» бір зарядта 30 км-ге дейін жүре алады. Жол талғамайтын дөңгелектері бар.

 

Қабырға тұрғызды

с

Цюрих ғылыми зерттеу инсти­тутының командасы жасаған «HEAP» робот-экскаваторы адам­ның көмегінсіз әрі цементті қол­данбай тас қабырға тұрғызды.

Робот 12 тонналық экскаватор не­гізінде жасалған. Оны ғалымдар өзінің бағдарламалық жасақтамасымен жаб­дықтап, өзгертті. Ерекше құрылғы ері­тіндіні қолданбай, құрғақ тастан биіктігі 6 метр, ұзындығы 65 метр қабырға тұрғызды. Эксперименттің бір бөлігі ретінде «HEAP» құрылыс алаңын сканерлеп, оның 3D картасын жасады. Содан кейін робот әрбір тасты жерден көтеріп, машиналық көру технологиясын қолданып, оның салмағы мен ауырлығын бағалады.

 

Марсқа кесіртке барады

в

Нанкин университетінің ға­лымдары жаңа төрт аяқты робот ойлап тапты. Робот-кесіртке болашақта Марсты зерттемек.

Зерттеушілер Марс рельефінің күр­делі құрылымына байланысты әдеттегі доңғалақтар мүлдем келмейтінін айтты. Енді бұл мәселені шешуге шөлді кесірткенің қозғалу стилін көшіре ала­тын, икемді дене құрылымы бар био­миметикалық жорғалаушы робот кө­мектеседі. Қызық құлтемір бауырымен жор­ғалаушыларға тән қимылдарын қай­талай алады. Себебі әр аяғы тербелмелі қоз­ғалысты тудырады. Роботтың аяқ­тарында екі топса мен тырнақтан тұратын төрт икемді саусақ бар.