Олимпиада • 30 Мамыр, 2024

55-жолдама

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж Олимпиадасына дайындалып жатқан Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір жолдамамен то­лықты. Бұл жолы үшсайысшы Ека­терина Шабалинаның бағы жанды.

55-жолдама

Қуанышты хабарды естіген бетте Екатерина: «Туған күнімнің қарсаңында Олимпиада жолдамасын иелендім. Маған сенген туған-туыстарым мен жанкүйерлеріме зор ризашылығымды білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыз мені жеңіске жетеледі. Бұл менің өмірлік мақсатым еді. Ерен еңбек пен тынымсыз талпыныстың арқасында жоспарымды жүзеге асыра алдым. Соған қатты қуанып отырмын. Төртжылдықтың басты додасының басталуына әлі екі ай бар. Сол уақытта мен жатпай-тұрмай даярланамын», деп ақтарыла сөйледі.

вав

Екатерина Шабалина – 26 жаста. Ол – бірқатар халықаралық жарыстың жеңімпазы және жүлдегері. Былтыр жерлесіміз Сауд Арабиясының Әл-Хубар қаласында өткен Азия чемпионатында басты қарсыластары қытайлық Ксиню Линь мен гонконгтық Бэйли Браунды артқа тастап, алтыннан алқа тақты. Шабалина танымал бапкер Максим Кряттің қол астында жаттығады. Сөйтіп, Парижде алауы тұтанатын Олимпия ойындарына қатысатын спорт­шыларымыздың саны 55-ке жетті.