Аймақтар • 29 Мамыр, 2024

Қазақстанда екі ауыл карантинге жабылды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО ветеринария басқармасы мамыр айында 52 ірі қара малдан бруцеллез анықталғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда екі ауыл карантинге жабылды

Фото: astanatv.kz

Ауру өзге аймаққа таралмау үшін облыстағы Тимирязев ауданының Докучаево және Аққайың ауданының Ленинское елді мекендері карантинге жабылды.

Ірі қарадан бруцеллез ауруы ветеринарлардың жоспарлы тексерісі кезінде анықталған.

«Биыл Айыртау ауданында 77 мал ауырды, оның оның 58-і екі шаруашылықтың сиыры, Ақжар ауданында ауырған 20 малдың 17-сі екі шаруашылыққа қарайды. Аққайың ауданында 5 ауылдың 15 ірі қарасы бруцеллез жұқтырған. Қызылжар ауданында 129 ауру мал анықталса, соның 122-сі - екі шаруашылыққа тиесілі. Тимирязевта - 1 және Уәлиханов ауданында 2 ірі қарадан бруцеллез анықталды», деді СҚО ветеринария басқарманың баспасөз хатшысы Аманжол Нұртазин.