Елорда • 29 Мамыр, 2024

Балаларды қорғау күні Астанада қалай тойланады?

132 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

1 маусым күні әлемде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Астана қаласы әкімдігі жаздың алғашқы мерекесіне орай түрлі іс-шаралар өтенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Балаларды қорғау күні Астанада қалай тойланады?

Фото: gov.kz

Мереке аясында елордада концерттер, акциялар, көрмелер, жарыстар, шығармашылық фестивальдер өтеді.

Астанада 1 маусым күні мынадай іс-шаралар өтеді:

30 мамыр күні сағат 18:00-де Амфитеатрда «Жасыл ел» маусымының ашылу салтанаты өтеді.

31 мамыр күні таңғы сағат 10-да «Билайн Арена» теннис орталығында «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырады.

Дәл осы уақытта Теміржолшылар тұрғын алабының саябағында тұрғындарды «ЮНИМОТО» мотокросы бойынша көрсетілімге шақырады.

30 мамыр күні сағат 10.00-де Достық үйінде «Балаларды қорғау – ел болашағын қорғау» атты дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 18:00-ден бастап эстрада әртістерінің қатысуымен Есіл өзенінде театр форматында концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Сонымен қатар Ғашықтар саябағында ойын-сауық бағдарламасымен Еуропа елдерінің өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының алаңында «Балалық шақ энергиясы» фестивалі өтеді.

Жазушылар аллеясында сағат 12:00-де «Салауатты өмір салты – салауатты отбасы» би флешмобына және «Балғын балаларымыз – біздің болашағымыз» балалық шақ мерекесі іс-шарасы ұйымдастырылады.

Сағат 12:00-14:00 аралығында «Жерұйық» саябағында «Сәлем, жаз!» және «Елдің бақыты – балалық шағы» мерекелік концерт өтеді.

Триатлон саябағында осы уақытта «Ailand Family Run» отбасылық жарысы өтеді.

Бір күн бойы Ailand отбасылық демалыс орталығының жанындағы аттракциондар саябағында балаларға арналған анимациялық бағдарламамен жазғы фестиваль өтеді.

Көктал тұрғын алабының Қорғалжын алаңында таңғы сағат 10.00-ден бастап қонақтарға арналған «Koktal Junior» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады.

Қуыршақ театры мерекеге орай М.Аргимбаевтың «Элвин және сиқырлы орман тұрғындары» ертегісін әзірлеп отыр. Көрсетілім уақаты: сағат 12:00 және 16:00.

31 мамыр күні «Mega Silk Way» СОО-да «Никулиннің Мәскеу циркі» өнер көрсетеді. Қойылымдар 1-25 маусым аралығында өтеді.

31 мамырда сағат 11.00-ден бастап Көктал саябағында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін көңілді старттар өтеді.

«Жерұйық» саябағында осы күні сағат 15:00-де арқан тарту, гір көтеру, асық ату және т.б. бойынша ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылады.

Триатлон саябағында сағат 15:00-де «Әкем, анам және мен – тату отбасы» атты дәстүрлі көңілді старттар өтеді.

Астаналықтар «Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі» концертін Кирпичный, Қазқалашық, Өндіріс тұрғын алаптарында және Ататүрік саябағында сағат 11:00-де тамашалай алады.

Ататүрік саябағында қонақтарға арналға асфальтқа сурет салу, балаларға арналған көңілді старттар, аниматорлардың қойылымдары және тәтті сыйлықтар тарату іс-шаралары өтеді.

«Жетісу» және «Астаналық» саябақтарында сағат 15:00-де ерекше балалар арасында көңілді старттар ұйымдастырылады.

1 және 2 маусымда Жетісу саябағында таңғы 10-нан бастап «Бөпе fair» отбасылық фестивалі жұмыс істейді. 2-10 маусым аралығында Ailand ОСО аттракциондар саябағында караоке, би баттл, ойындар мен байқаулары бар балаларға арналған күнделікті шоу-бағдарлама ұйымдастырылады.

Сағат 6:30-да Триатлон паркінде 1 маусымда «Charity Samruk Marathon-2024» қайырымдылық жарысы басталады.

1 және 2 маусымда қала алаңында 14:00-ден 20:00-ге дейін «Creative Summer» фестивалі өтеді.

1 маусым күні сағат 15.00-де Арбатта «Қара, оқы» караоке іс-шарасы өтеді, бүлдіршіндер сахнада танымал әндерді шырқай алады.

1 маусымда елордалық Амфитеатрда күні бойы балалар шығармашылық және спорт фестивалі өтеді.

1 маусым күні сағат 11.00-де Пригородный тұрғын алабында балаларға арналған мерекелік концерт өтеді.

Үркер тұрғын алабындағы «Айғыржал» алаңында сағат 14:00-де балаларға арналған шоу-бағдарламамен және аниматорлармен концерт басталады.

Елорданың барлық бес ауданында ашық алаңдарда мерекелік концерттер өтеді.

«Жастар» театры 11:00 және 12:30-да жас көрермендерді Л.Толстойдың «Буратино» ертегісіне шақырады.

Сол күні сағат 15:00-де, Есіл өзенінің жағасындағы сахнада мерекелік концерт өтеді.

2 маусымда Балаларды қорғау күніне орай Қосшы-Ильинка айналма жолында сағат 9:00-13:00-ден бастап «Ерекше әлем» веложарысы өтеді.

Сондай-ақ елордалық филармонияның симфониялық оркестрі «Балалардан балаларға базарлық» қайырымдылық концертін ұйымдастырады, «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені Ашық есік күнін өткізеді, ал Горький атындағы орыс драма театры Супониннің «Коза-Дереза» ертегісін көруге шақырады.

Аудандық әкімдіктердің бастамасы бойынша әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар үшін мерекеге орай кино, мұражай, театр сапарлары ұйымдастырылады.

Осы күні қалада бірнеше жаңа аула ресми түрде ашылады.