ANTIKOR • 29 Мамыр, 2024

Астанада ірі компанияның бұрынғы басшысы сотталды

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына пара берген компания директоры сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада ірі компанияның бұрынғы басшысы сотталды

фото: 24.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары» ЖШС өкілдіктерінің бұрынғы директоры Жүсіпов М. 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

«Ол мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына аса ірі мөлшерде дәнді дақылдарды жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін 350 мың АҚШ доллары сомасында пара берді деген күдікке ілінді.

Сот үкімімен пара беруге итермелегені және алаяқтыққа оқталғаны үшін И. Барабаш пен Т. Демесинов әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар Қостанай қаласы № 2 сотының үкімімен Қостанай адвокаттар алқасының адвокаты О.В. Бранцевке қатысты үкім жарияланды», делінген хабарламада.

Ол алаяқтық пен пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

«О.В. Бранцев құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін пара беру сылтауымен өзінің қорғаушысы А.К. Сансызбаевтың 600 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын заңсыз иемденген. Оған параның 20 еселенген сомасы 12 млн теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалып, мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды», деп хабарлады Антикор.

Сот үкімдері заңды күшіне енген жоқ.