Оқиға • 28 Мамыр, 2024

Оралдағы зауытта жұмысшы көз жұмды

504 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралда жұмысшы кірпіш зауытындағы станокқа қысылып, көз жұмды. Қайғылы оқиға кеше, 27 мамыр күні болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралдағы зауытта жұмысшы көз жұмды

Фото: UmiHelp

Бұл туралы «Мой город» БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

51 жастағы ер адам ауруханаға жетпес бұрын көз жұмды.

БҚО еңбек инспекциясы қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылғанын хабарлады.

«Нәтижелер тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады», деді БҚО еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Арман Түйгінбетов.