Президент • 28 Мамыр, 2024

Мемлекет басшысы Нидерланд Премьер-министрін қарсы алды

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Нидерланд Премьер-министрін қарсы алды

Фото: Ақорда

Ақорда хабарламасында: «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттені «Ақорда» резиденциясында қарсы алды. Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Марк Рютте келіссөз өтетін залға барды», делінген.