Әлем • 28 Мамыр, 2024

Ресейдің Орынбор облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы толық берілмейді

111 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Көктемгі су тасқынан көршілес Ресей мемлекетінде Орынбор облысы көбірек зардап шекті. Тасқын болғалы арада екі ай өтсе де Ресей үкіметі өтемақы төлеуге асығар емес. Осылай деген орынборлықтар мүлік иесіне бір баспанасы үшін ғана емес, үлестес басқа мүлкі үшін де толық өтемақы төлеуді сұрап отыр, деп жазады Egemen.kz bbc.com-ға сілтеме жасап.

Ресейдің Орынбор облысында су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы толық берілмейді

Фото: bbc.com

Мәседен, Андрей Орынбор облысынан 10 жыл бұрын жер алып, жаңа үйін енді ғана салып бітіріп, жақында ғана қоныстанған. Арада бірнеше ай өткенде оның жылдар бойы еңбекпен тұрғызған үйін су басып қалды. 

Су тасқынынан екі айға жуық уақыт өтсе де, көбісі әлі төлем ала алмай жатыр. Облыс билігінің соңғы мәліметі бойынша, өтемақы алуға берілген 187 мыңнан астам өтініш қабылданбаған. Өтемақы алғандардың өзі үйдің құнын немесе жөндеу жұмыстарын толық өтемейтінін алға тартып отыр.
Сәуірдің 6-сы күні Орынбор облысының губернаторы Денис Паслер үйлерін су басқан облыс тұрғындарына адам басына 20 мың рубль көлемінде бір реттік материалдық көмек берілетінін айтты. 24 сағаттан астам уақыт бойы су және электр қуатынсыз қалған тұрғындарға 10 мың рубль төленеді. Облыс билігі бұл бір реттік өтемақыға  гигиеналық құралдар сатып алуды ұсынды.

Сондай-ақ, Орынбор облысының әкімдігі маңызды мүлікті жоғалтқандарға да материалдық көмек көрсету туралы өтініштерді қабылдауға шешім шығарды. Оның құны мүлікке жартылай зақым келсе  бір адамға 50 мың рубль, ал пайдалануға толық жарамайтын мүлікке 100 мың рубльден беріледі.

Мұндай тұрмыс үшін маңызды мүліктің тізбесін Ресей үкіметі жасақтады. Оған: кереует немесе диван, үстел, тоңазытқыш, газ плитасы, су жылытқышы, жылыту қазандығы кірген.

Осы тұста «Би-би-сидің» кейіпкері Андрей екінші үйі немесе ортақ мүліктегі үлесі бар адамдар мүлікті жоғалтқаны үшін төлем берілмейтініне наразылық білдірген.

Оның анасы қазір Андрейдің атына тіркелген Орынбордағы пәтерде тұрады. Сонымен қатар оның Орск қаласында балаларының болашағы үшін алынған пәтері бар. Алайда Андрейдің отбасына тиесілі Орск қаласындағы су басқан үй ғана күрделі жөндеуді қажет етеді деп танылған.

Кейінгі күндері Орынбор облысының тұрғындары мемлекеттік қызметтерден төлем алу туралы өтініштері қанағаттандырылмайтыны туралы жаппай хабарламалар ала бастады. Орынбор облысы әкімдігінің  мәліметінше, 27 мамырдағы жағдай бойынша 574 мыңнан астам өтініштің 187 мыңнан астамы қабылданған. Сұраныстың  87 пайызы қаралып, 316 мыңнан астам өтініш бойынша төлемдер бекітілген. Құзырлы орган  өтініштер қайта жіберілгеннен немесе төлем алуға құқығы жоқ болғандықтан қабылданбағанын айтты.