Тұлға • 27 Мамыр, 2024

Табиғаты таза Төр-аға

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлтымыздың күш-қайраты мен бірлік-берекесінің мекені болған киелі Ұлытауда туып, жер жәннаты Жетісудың төріндегі аспанмен астасқан Алатаудың асқаралы биіктерін бағындырған, бүкіл ұлттың сау­лығын кең тар­мақты саясат деңгейіне көтерген, табиғаты таза, болмысы тарлан қайран Төр-аға – Төрегелді Шарманұлы!

Табиғаты таза Төр-аға

Қанына сіңген қазақтың қай­раткерлігі мен кең­дігі, Алаш арыс­­тары аманаттаған аза­мат­­тығы сонау «Азамат» пар­тия­сының қа­та­рында ол кісімен иық тіресе ел­дік жолында тер төккен күн­дерімізде де айқын көрінген еді.

Қанша жасқа келсе де тау­сылмаған, қазынасы ортай­ма­ған, кездескенде көкірек кеу­­­дең­ді ашып, сөйлесе қалса, су­сыныңды қандырып, жүз­дес­кен­де жа­ның­ды жады­ратқан қайран дария аға мәңгілік сапарына озды.

Жанының жайсаңдығын, жү­регінің жазиралығын, жүзінің жылылығын ұмыт­паймыз.

Марқұмның алды – өзіне, соңы – еліне жарық болсын!

 

Мұрат ӘУЕЗ,

қоғам қайраткері, мәдениеттанушы