Бокс • 27 Мамыр, 2024

Қызайбайдың қарқыны қуантты

33 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландтың астанасы Бангкокта шы­мылдығы түрілген халықаралық тур­нирде еліміздің екі боксшысы шар­шы алаңға шығып, екеуі де же­ңіске жетті. Бұл жарыста Олим­пия ойын­дарының жолдамалары сарапқа салынатынын естеріңізге сала кетейік.

Қызайбайдың қарқыны қуантты

Жарысты 50 кг салмақтағы Назым Қызайбай бастады. Әлемнің екі дүркін чемпионы тұсаукесер кездесуін өзінің атағына сай өткізді. Ол жас­тар арасындағы Еуропа біріншілігінің

(U-22) екі мәрте қола жүлдегері словакиялық Николь Дуриковамен күш сынасты. Бәсеке барысында Назым қарсыласын екі рет нок­даунға жібергеннен кейін төрешінің бәсе­кені тоқтатудан басқа амалы қалмады. Тех­никалық нокаут.

Келесі күні Мұхаммедсабыр Базарбайұлы рингке көтерілді. Ол Кристиан Лаурентемен айқасты. Филиппиндік былғары қолғап шебері 2018 жылы жастардың әлем бірін­шілігінде қола медальды иеленді. Со­ны­мен қатар ол кәсіпқойлар арасында 12 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Бірақ бұл жағдай Мұхамедсабырды еш алаң­датқан жоқ. Үш раунд бойы еркін ойқастаған қандасымыз Лаурентені ұпай санымен ұтты. Енді Базарбайұлы 1/16 финалда түркиялық Мизан Айқолмен айқасады.

Кеше Римма Волосенко (60 кг) гер­ма­ниялық Мария Ганглбауермен және Вален­­тина Хальзова (75 кг) украиналық Каролина Махномен қолғап түйістірді. Бүгін Ұлжан Сәрсенбек (54 кг) америкалық Шэра Мэй Патрисиомен айқасса, ертең Наталья Богданова Еуропа чемпионы, сербиялық Кристина Кулуховамен күш сынасады.

Соңғы жаңалықтар

Кітап. Қоғам. Кітапхана

Мәдениет • Бүгін, 08:41

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Қоғам • Бүгін, 08:38

Менің Түгіскенім

Тарих • Бүгін, 08:36

Ақ Олимпиадалар қайда өтеді?

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 08:32