Аймақтар • 27 Мамыр, 2024

Қызылордада жаңа спорт кешені ашылды

82 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін, 27 мамыр күні Қызылорда қаласында «Шұғыла» спорт кешені пайдалануға берілді. Оның ашылу рәсіміне облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Қызылордада жаңа спорт кешені ашылды

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Аймақ басшысы жиналғандарды жаңа спорт кешенінің ашылуымен құттықтап, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 12 300 орынға арналған 21 мектеп салынып жатқанын атап өтті. 

«Былтыр 10 мектептің құрылысы басталса, биыл тағы 11 мектептің құрылысы жүргізіледі. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өткен жылы елді мекендерде 15 жаңа дәрігерлік амбулатория, 1 медициналық бекет ел игілігіне табысталды. Спорттық нысандар құрылысы да қарқын алды. Қызылорда қаласында құны 2 млрд 700 млн теңге болатын үстел теннисі орталығының құрылысы жүріп жатыр. Сырдарияның сол жағалауынан халықаралық стандарттарға сай, жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. 10 мың орындық жаңа стадионның іргетасы қаланды. Былтыр 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені ел игілігіне табысталды, биыл аудандарда 15 кешенді қолданысқа береміз», деді Нұрлыбек Нәлібаев.

пп

350 орындық «Шұғыла» спорт кешені 1,7 млрд теңгеге салынған. Жалпы ауданы – 2700 шаршы метр. Онда таэквондо, хореография, үстел теннисі, футбол, волейбол, баскетбол, қазақша күрес, шахмат, тоғызқұмалақ үйірмелері болады. Аумағында шағын футбол алаңы және автотұрақ бар.

Айта кетейік, биыл Сыр спортшылары әлемдік ареналарда өнер көрсетіп, облыс қоржынына 54 медаль салса, республикалық чемпионаттар мен кубоктардан 245 жүлде иеленді. Басты жетістік – Қамшыбек Қоңқабаев бокстан, Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен Париж олимпиадасына, отырып ойнау волейболынан қос бірдей спортшымыз Эрик Қасқабаев пен Шыңғыс Медеуов паралимпиадаға жолдама алды. Дзюдо, парадзюдодан да үміткерлер бар.

оо