Туризм • 27 Мамыр, 2024

Курорттық аймақтарға қатынайтын рейстер мен пойыздардың саны артады

47 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Туристік маусым қарсаңында ҚР Көлік министрлігі еліміздің курорттық аймақтарына қатынайтын әуе рейстері мен теміржол пойыздарының санын арттыру шеңберіндегі жұмыстарды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Курорттық аймақтарға қатынайтын рейстер мен пойыздардың саны артады

Фото:pixabay.com

Астана мен Алматыдан аптасына 36 рейс жиілігімен Балқаш және Алакөл көлдеріне әуе рейстері орындалады. Оның ішінде ұшақтар 33 жиілікпен Алакөлге, 3 жиілікпен Балқашқа дейін ұшады. Әуе рейстері «Южное небо» әуе компаниясымен орындалады.

Алматы қаласынан:

  • Үржарға дейін (субсидияланатын рейс): аптасына 7 рет «Южное небо» әуе компаниясымен орындалады. Сондай-ақ биыл 1 шілдеден бастап Qazaq Air әуекомпаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қосады;
  • Үшаралға дейін (субсидияланатын рейс): аптасына 10 рет «Южное небо» әуе компаниясы орындайды. Сонымен бірге 16 маусымнан бастап Qazaq Air әуе компаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қоспақ;
  • Балқашқа дейінгі коммерциялық рейстерді «Южное небо» әуекомпаниясы орындайды, аптасына 3 рейс (сәрсенбі, жұма, жексенбі).

Астана қаласынан:

  • Үржарға 1 маусымнан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қосады;
  • Үшаралға биыл 16 маусымнан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Алакөл көлінің бағытында қосымша 3 Тальго пойызы мен 3 стандартты пойыз жүре бастайды:

1.​№254/253 «Астана-Достық» (тальго);

2.​№211/212 «Алматы-Достық» (тальго);

3.№207/208 «Алматы-Достық» (тальго);

4. ​№221/222 «Алматы-Достық» (стандартты);

5. №457/458 «Семей-Достық» (стандартты);

6. №459/460 «Өскемен-Достық» (стандартты);

7.​№21/6942/6941/22 «Алматы-Достық» (тіркеме вагон);

8.​№21/6942/6941/22 «Қызылорда-Достық» (тіркеме вагон);

Бүгінде аталған бағыттарда үш пойыз жолаушыларды тасымалдайды: №337/338 «Алматы-Достық», №6941/6942 «Ақтоғай-Достық», №53/54 «Астана-Достық» және «Астана-Достық» бағытындағы вагондар (№121/122 «Астана-Семей» пойызының құрамында, 3 купе вагон).

Сонымен қатар сұранысқа ие №201/202 Астана-Алматы; №203/204 Астана-Шымкент; №257/258 Орал-Астана бағыттар бойынша коммерциялық пойыздарды іске қосу жоспарланып отыр.

«Қазіргі таңда қолданыстағы бағыттар бойынша жылжымалы құрамды жазғы кезеңге дайындау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселен, желдету және ауаны баптау жүйелерін қайта жаңғырту, ауа сүзгілерін ауыстыру, сумен жабдықтау жүйесін жуу және дезинфекциялау, вагондардың электр жабдықтарын тексеру бойынша іс-шаралар қолға алынды. Сондай-ақ тамбурларды, жылыту жүйелерінің құбырларын және басқа да бөлшектерді сырлау әрі вагон шанақтарын жуу жұмыстары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті