Аймақтар • 27 Мамыр, 2024

Семейде тұрғын үй шатыры опырылып түсті

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласында қатты жел салдарынан бес қабатты тұрғын үйдің шатыры жартылай жұлынып кетті. Қала әкімдігі оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде тұрғын үй шатыры опырылып түсті

Фото: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

26 мамыр күні сағат 17:45 шамасында Абай ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің пультіне  Глинка көшесі, 35-үйде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің төбесі салбырап тұрғаны туралы хабарлама келіп түскен. Үй тұрғындары шатырдың құлап кетуі мүмкін екенін айтып, дабыл қаққан.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жалпы 160 шаршы метр шатырдың 70 шаршы метрі жұлынып кеткенін анықтады. Айта кетсек, бұл үй 1984 жылы салынған. 

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов әкімдіктің бөлім басшылары мен Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қымбат Көпбаевпен көшпелі кеңес өткізді.

«Оқиға орнында жиын өтіп, әкім адам өміріне қауіп төндіретін шатыр бөліктерін демонтаждап, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды», делінген әкімдік хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар