Әлем • 27 Мамыр, 2024

АҚШ-та торнадодан 11 адам қаза тапты

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Техас, Оклахома және Арканзас штаттарында дауыл соғып, 11 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Аljazeera агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ-та торнадодан 11 адам қаза тапты

Фото: aljazeera.com

Торнадо салдарынан мерт болғандардың ішінде екі бала бар.

Сондай-ақ Техас, Оклахома және Арканзас штаттарында үйлер мен жүк көліктерінің жүргізушілеріне арналған аялдамалар қирады.

26 мамыр күні кешке Техас штатының Кук округінде, Оклахома штатының Майс округінде торнадо мен құйынды дауыл соқса, ал 27 мамыр күні таңертең Арканзастың солтүстігінде дауыл болды.

Техас штатының Дентон округі мен Далластың солтүстігіндегі бірнеше тұрғын тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. Дентон округінің басқа аймағында торнадо трактор тіркемелерін аударып, штат аралық қозғалысты тоқтатты.

Табиғи апат салдарынан Техас, Миссури, Оклахома, Канзас және Арканзас штаттарында жексенбі күні таңертең, шамамен, 375 000 адам жарықсыз қалды.

АҚШ-тың Ұлттық ауа райы қызметі аталған штаттарда торнадо қаупі сақталатынын ескертті. Тек Техас штатында күн райы тұрақталады.

 

Ерлан КИІКБАЙ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар