Ауа райы • 27 Мамыр, 2024

Бүгін елімізде суық ауа райы сақталады

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 27 мамырда Қазақстан аумағында болатын синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін елімізде суық ауа райы сақталады

Фото: ktk.kz

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде күн райына циклон және онымен байланысты суық атмосфералық ағындар әсер етеді. Соған байланысты түнде жауын-шашын болып, елдің шығысында, солтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша екпінді жел соғып, найзағай ойнайды, солтүстікте, орталықта бұршақ жаууы мүмкін, түнде оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.

Түнде Ақмола, Қарағандының батысында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Түркістан облыстарының таулы аудандарында 1-2 градус үсік жүреді.

Қостанайдың оңтүстігінде, батысында, Атыраудың оңтүстігінде, Қызылорданың шығысында, Батыс Қазақстан облыстарының батысында, оңтүстік-батысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының шөлді аймақтарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35