Сенат • 23 Мамыр, 2024

Сенатор әйелдерге арналған білім беру орталықтарын қолдауға шақырды

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында әйелдерге арналған білім, ақпараттық-консультация беру орталықтарын қолдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенатор әйелдерге арналған білім беру орталықтарын қолдауға шақырды

Фото: senate.parlam.kz

Сенатордың айтуынша, елордада 2021 жылдан бастап көпбалалы және жалғызбасты аналарға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарға жәрдемдесетін «Бақытты отбасы» орталығы жұмыс істейді. Аталған орталық түрлі кәсіп бойынша 20-дан астам білім беру курсын ұйымдастырып, 2,5 мың әйел білім алған және олардың 80%-ы өз ісін ашқан.

Орталық әйелдерді рухани, моральдық тұрғыдан қолдап, кәсіп үйретеді әрі халқымыздың этнографиялық  мұрасын жаңғыртып, жас ұрпаққа тәлім беретін таптырмас мәдени мектептің қызметін атқарып отыр.

«Аталған үлгідегі орталықтарды өңірлерде, әсіресе, облыс орталықтарынан көптеп ашуға қалай қарайсыз? Үкімет тарапынан арнайы гранттық көмек беруге мүмкіндіктеріңіз бар ма? Осы үлгідегі орталықтардың өнімдерін нарыққа шығаруға, қорғаныс, медицина, мәдениет салалары бойынша жүйелі тапсырыстар арқылы қалыптастыруға мүмкіндік бола ма?», деп сұрады Нұртөре Жүсіп.

Соңғы жаңалықтар

Күзгі қомырған

Мирас • Кеше

Иткөйлек

Оқиға • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Жастар белсенділік танытты

«Таза Қазақстан» • Кеше