Ауа райы • 23 Мамыр, 2024

Қазақстанда 57 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды

118 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, биылғы сәуір метеорологиялық бақылаулар тарихында Солтүстік жарты шардың көптеген елдеріндегі ең жылы айлардың бірі ретінде тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда 57 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды

Фото: depositphotos.com

Оның ішінде Қазақстан да бар. Республиканың басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы әдеттегіден 1-6 градусқа жоғары болды.

Бір ай ішінде ауа температурасы бойынша рекордтар тіркелді: 19 сәуірде Ақтау метеорологиялық станциясында абсолюттік максимум +30,1 градус болды, осылайша 2014 жылғы рекорд жаңарды (+25,0 градус), Көкшетау МС +26,3 градусқа дейінгі жылу тіркеліп, 2020 жылғы абсолют максимумнан (+24,2 градус) асты, Қостанай МС ауаның максимал температурасы +29,3 градус тіркелді, бұл 1982 жылғы рекордтан жоғары болды (+27,2 градус), Петропавл МС термометр бағанасы +28,0 градусқа жетіп, 1982 жылғы рекордты (+25,0 градус) алмастырды.

«Сәуірдің үшінші онкүндігінің басында еліміздің басым бөлігінде жоғары температура сақталды, Қазақстан қалаларында жаңа рекордтар тіркелді. Мәселен, 21 сәуірде Ақтауда +31,5 градус байқалды, осылайша 1975 жылғы рекорд жаңарды (+29,0 градус), Петропавлда ауа температурасы +28,8 градусқа дейін көтерілді, бұл 1982 жылғы абсолют максимумнан (+26,9 градус) асты, 22 сәуірде Атырауда термометр бағанасы +31,2 градус белгісіне дейін көтерілді осылайша, 2012 жылғы рекорд жаңарды (+29,5 градус), Оралда абсолют максимум +28,4 градус болды, осылайша 1967 жылғы рекорд жаңарды (+27,8 градус), Жезқазғанда ауаның максимал температурасы +27,7 градус болды, осылайша, 2023 жылғы рекорд (+26,1 градус) өзгерді, 27 сәуірде Ақтауда рекорд көрсеткіш +30,7 градусқа дейін жетті, 1989 жылы +27,3 градус болды», деді метеорологтар.