Білім • 23 Мамыр, 2024

Ерекше қажеттілігі бар студенттер оқиды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ерекше білімді қажет ететін бала­ларға арнал­ған колледж ғимараты пай­да­лануға берілді.

Ерекше қажеттілігі бар студенттер оқиды

Өткен ғасырдың 40-жылда­рында салынған апатты ғи­ма­раттың орнына салынған жаңа ғи­марат инклюзивті білім беруге лайықты жабдықталған. Қала басшысы Ерболат Досаев «Алтын Сапа ALM» ЖШС жеке инвесторының демеушілігімен салынған Алматы мемлекеттік технологиялар және флористика колледжін аралап көрді.

Колледжде қазіргі кезде­ түрлі мамандық ­бо­йынша­ 893 студент білім алады. Олар­дың 195-і ерекше білім беруді қажет етеді. Мүмкіндігі шек­теулі студенттерге әлеуметтік көмек көрсету, сапалы білім мен кәсібилікке бейімдеуді мақ­сат еткен оқу орны инно­ва­ция­лық технологиялармен жаб­дықталған. Жаңа ғи­ма­ратта шеберханалар, тренажер залдары, мүгедектерге арналған санитарлық торап, көтергіш, киім ауыстыратын бөлмелер бар. Оқытудың озық әдістеріне үйрететін колледжде есту қабілеті шектеулі сту­денттер еңбек нарығында сұ­ра­нысқа ие мамандықтарды иге­руге мүмкіндік алды. Олар жи­һаз өндірісі, тігін және киім өнд­і­рісі, аяқкиім тігу, авто­мобиль жөндеу, компьютерлік ап­па­раттық оператор, гүл өсіруші сияқ­ты мамандықтарды мең­ге­реді.

 

АЛМАТЫ