Оқиға • 22 Мамыр, 2024

Шымкент тұрғыны криптобиржадан 1,7 млрд теңгеден аса заңсыз табыс тапқан

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру фактісі бойынша айыпталған жергілікті тұрғын 2 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Шымкент тұрғыны криптобиржадан 1,7 млрд теңгеден аса заңсыз табыс тапқан

Фото: medium.com

«Сот талқылауы барысында «C» есімді азамат «Binance» платформасында цифрлық активтерді (криптовалюталар) лицензиясыз айырбастау қызметін көрсеткені анықталды. 5 жыл ішінде ол 1,7 млрд теңгеден астам аса ірі мөлшерде заңсыз табыс тапқан», деп жазды прокуратура өкілдері.

Шымкент прокуратурасы тұрғындарға цифрлық активтерді айырбастаумен байланысты заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгені туралы ескертті.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар

Көкше көшетімен көрікті

Талбесік • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:52

Әбіштің қолтаңбасы

Мирас • Бүгін, 08:50

Өмірзақтың өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 08:48

Су сүзгілері өндіріледі

Ғылым • Бүгін, 08:45

«Дәридайлап» жыр төккен

Руханият • Бүгін, 08:43

Ән-аманат

Тұлға • Бүгін, 08:40

Жоғалып табылған сурет

Жәдігер • Бүгін, 08:38

Әдебиет бапкері

Әдебиет • Бүгін, 08:33

Еңбек даңқы аласармайды

Еңбек • Бүгін, 08:22