Аймақтар • 22 Мамыр, 2024

Ертіс елді мекендерге қауіп төндірмей ме?

38 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15-22 мамыр аралығында ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында Нанвань гидробекетінің маңында су деңгейі көтерілген. 21 мамыр 20:00-дегі жағдай бойынша судың шығын көлемі – 2070 м3/с. Аталмыш жағдай 2013 және 2016 жылдары тіркелген, деп жазады Egemen.kz.

Ертіс елді мекендерге қауіп төндірмей ме?

Фото: Мерей Қайнарұлы

Осы аумақта ағып жатқан Буыршын өзені трансшекаралық Қара Ертіс өзеніне, ал Қара Ертіс Зайсан өзеніне құяды.

Марқакөл ауданының Боран ауылында орналасқан гидробекеттегі көрсеткіш бойынша Қара Ертіс өзенінің деңгейі 543 см құрап отыр. Бұл қауіпті деңгейден 18 см-ге жоғары.

Қазіргі таңда ШҚО әкімдігі және ТЖД жағдайды бақылауға алып, шұғыл шаралар қолданып жатыр. Жергілікті жерде атқарушы билік, полиция және прокуратура органдары алдын ала ескертілді.

Ауылдың төменгі тұсында өткен жылы ұзындығы 400 м, биіктігі 675 см бөгет салынған. Бөгеттің биіктігі қазірде қауіпті деңгейден 1,5 м жоғары болғандықтан, әлі де 70 см-ге жуық аралық бар.

Қара Ертіс өзенінің деңгейі әр 4 сағат сайын өлшеніп, тәулік бойы бақылау ұйымдастырылды. Ауыл маңындағы ұзындығы 60 м болатын бөгетті күшейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Елді мекен тұрғындары ескертіліп, төтенше жағдай туындаған жағдайда тұрғындарды уақытша орналастыру орындары әзірленді. Әзірге бөгетті күшейту жұмыстарына 11 адам және 7 техника жұмылдырылды.

Боран ауылына жақын маңдағы Тарбағатай, Зайсан, Күршім және Үлкен Нарын аудандарынан қосымша техника мен мамандар жұмылдырылды.

Елді мекенге төнер қауіп жоқ. Жағдай бақыланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар

Алғыс арқалаған хирург

Маман • Бүгін, 10:10

Қатерлі ісікпен алысқан

Медицина • Бүгін, 09:50

Үздік отбасылық дәрігер

Медицина • Бүгін, 09:40

Марқакөлдің мейіргері

Медицина • Бүгін, 09:30