Заң • 22 Мамыр, 2024

Ұсақ бұзақылық үшін айыппұл екі есе өседі

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді ғимараттарды, өзге де құрылыс, тұрғын үй-жайларды, көпшілік пайдаланатын орындарды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүліктерге зақым келтіргендер үшін айыппұл екі еселенеді, деп жазады Egemen.kz.

Ұсақ бұзақылық үшін айыппұл екі есе өседі

Фото: canva.com

Бұрын мұндай бұзақылық  үшін 20 АЕК көлемінде айыппұл белгіленген болса, жаңа өзгерістерге сай оның мөлшері 50 АЕК-ке өсті. Сондай-ақ вандализм үшін 5 тәуліктен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қаупі де қарастырылған.

Ал бұл бұзушылықтар бір жыл ішінде қайталанса 20 (15 тәуліктен бұрын), 30 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген.

Тағы екі есеге ұлғайған жазаның бірі - «Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау» бабы бойынша бұзушылықтар. Саябақтарды, скверлерді ластағаны, оның ішінде, белгіленбеген жерлерге коммуналдық қалдықтарды тастағаны үшін 10 АЕК (бұрын 5 АЕК) көлемінде айыппұл, ал бұзушылықты бір жыл ішінде қайталағаны үшін 20 АЕК (бұрын 10 АЕК) көлемінде айыппұл салынады.

 

Ерлан КИІКБАЙ,

ЕҰУ студенті