Спорт • 20 Мамыр, 2024

Тұрғындарға тегін үстел теннисі

34 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда айына бір рет тұрғындар арасында үстел теннисінен қа­лалық лига ойындары өтеді. Тұр­ғын­дарға бұл мүм­кін­дікті «mustafa-rim» спорт және өнер мектебі ұсынды.

Тұрғындарға тегін үстел теннисі

Аталған спорт және өнер мектебінің ди­рек­торы Рау­шан Ис­лам­ғалиева үстел теннисімен мек­теп кезінен бері айналысып келеді. 2018-2020 жылдар аралығында Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан үстел теннисі федерациясының төрайымының міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.

«Мектеп кезінен бері үс­тел тен­нисімен айналысамын. Ол кезде үстел болмаса да, теннисті қабырғаға соғып ой­найтынмын. Басқа салада жұ­мыс істегенмен, қаладағы үс­тел теннисін дамытқым келді. Осы мақсатта «mustafa-rim» спорт және өнер мектебін аштым. Қала тұрғындары мен әуесқой теннисшілер арасында үстел теннисінен айына бір рет тегін Ақтау қалалық лига ойындарын бастадым, қала тұрғындарына арналған бірнеше жеңілдіктер бар», деді «mustafa-rim» спорт және өнер мектебінің директоры Раушан Исламғалиева.

Спорт және өнер мектебінде үстел теннисі, ұлттық би, зама­науи және фитнес тобы бар. Қа­зіргі таңда үстел теннисіне 30 спортшы қатысады, 5 спортшы спорт шеберіне үміткер. Зейнет­керлер мен мемлекеттік қыз­мет­керлер үшін де тегін ойындар қарастырылған.

 

Маңғыстау облысы