Оқиға • 20 Мамыр, 2024

Павлодарда маскүнем ата-ана балаларын қамауда ұстаған

92 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында үш тәулік қамауда жатқан балалар құтқарылды. Ата-ана  кәмелетке толмаған балаларын далаға шығармаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарда маскүнем ата-ана балаларын қамауда ұстаған

Фото:Pavlodarnews.kz/Константин Шелков

Прокурорлар үйде қамауда отырған 3 баланы рейд барысында анықтап, құтқарды. Балаларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, оларды әлеуметтік қорғау органдары бақылауға алды.

«Павлодар ауданында тұратын әлгі отбасының ата-анасы үш күн бойы ішімдік ішіп, кәмелетке толмаған үш баланы мектепке және далаға жібермегені анықталды. Павлодар ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен, аудандық білім беру, полиция, денсаулық сақтау бөлімдерімен бірлесіп, балаларды босатты және оларға алғашқы қажетті көмек көрсетті», деп хабарлады өңірлік прокуратура.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті