Өнер • 18 Мамыр, 2024

Сенімді серігіме айналды: Димаш Құдайберген Президент сыйға тартқан тазыны көрсетті

67 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында Мемлекет басшысы сыйға тартқан тазымен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенімді серігіме айналды: Димаш Құдайберген Президент сыйға тартқан тазыны көрсетті

Әнші жеті қазынаның бірі саналатын тазы сенімді серігіне айналғанын айтты.

«Осыдан бірнеше ай бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тазы сыйлап, ерекше тарту жасаған еді. Оған «Ғарышкер» деп ат қойып, содан бері сенімді серігіме айналған болатын. Жеті қазынаның бірі саналатын тазыны қазақ халқы қадірлей білген», – деді әнші Instagram парақшасында.

Сонымен қатар Димаш Құдайберген Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтап, тілегін жеткізді.

«Осындай тамаша, баға жетпес қазынаны тарту еткен ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сізге елге қызмет істеу жолында қажымас қайрат, күш-қуат тілеймін! Сізге шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас қуат және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін. Ел болашағы жарқын болсын!», – деді әнші.