Қазақстан • 17 Мамыр, 2024

Бірқатар тасжолда жылдамдықты тексеру жүйесі іске қосылады

54 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан тасжолдарында жылдамдықты тексеру үшін аппараттық кешен іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірқатар тасжолда жылдамдықты тексеру жүйесі іске қосылады

Фото: Polisia.kz

«Ішкі істер министрлігі Автомобиль жолдары комитетімен және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, 2023 жылдан бастап жылдамдықты бұзу фактілерін тіркеу үшін қала жолдарында камераларды қолдану қызметін енгізіп жатыр. Өткен жылы 33 «ЗЕРЕК-2» аппараттық-бағдарламалық жүйесі орнатылды. Осы жылдың 20 мамырында Павлодар – Қалбатау, Бейнеу – Ақжігіт, Орал – Самара, Павлодар – Омбы, Орал – Саратов жолдарында 21 кешен іске қосылады деп жоспарланып отыр. Осы кезеңнен бастап аталған бағыттар бойынша «ЗЕРЕК-2» кешендері штаттық режимде жұмыс істейді», деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Ішкі істер министрлігі жүргізушілерді жылдамдықты және көліктер арасындағы қашықтықты сақтауға шақырды.

 

Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,

ЕҰУ студенті