Аймақтар • 16 Мамыр, 2024

Шымкентте мектеп бухгалтері 48 млн теңге жымқырған

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте 48 млн теңге жымқырған №44 орта мектеп директорының орынбасары мен білім мекемесінің бухгалтері сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте мектеп бухгалтері 48 млн теңге жымқырған

Фото: Sputnik/Абзал Қалиев

Үкім Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды.

Сот үкімімен белгіленген нормативтен тыс жалақыны заңсыз аударғаны, сондай-ақ «қайтыс болған жандарға» жүйелі төлем жасап келгені үшін директор орынбасары мен мектеп бухгалтері 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Жұмысына салғырт қараған мектеп директоры 6,9 млн теңге көлемінде айыппұл төледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар