Фото: Polisia.kz
Полицейлер «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз мигранттарды анықтады.
«Жұмыс басталғалы 832 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 83 шетелдік Қазақстан Республикасынан шығарылды. Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 319 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 177 жұмыс берушіге айыппұл салынды. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 23 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды. Қабылдау бөліміне жеке басын куәландыратын құжаты жоқ 171 шетелдік қабылданды», деді Алматы қаласы бойынша көші-қон қызметінің басшысы Асхат Бутунчинов.
Нәтижесінде бір күнде 35 заңсыз мигрант депортацияланды. Сондай-ақ Алматыда Қазақстаннан депортациялау туралы сот шешімін орындамаған 21 шетелдік ұсталды.
Қырмызы ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
ЕҰУ студенті