Қоғам • 15 Мамыр, 2024

Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны рас па?

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бағдат Мусинге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны рас па?

фото: gov.kz

«Қазіргі уақытта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінде бұрынғы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Бағдат Батырбекұлына қатысты қылмыстық іс жоқ», деді сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Сүлейменов.

Айта кетейік, сәуір айының соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бағдат Мусинді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатқан еді. Кейін экс-министр желіде жазба қалдырып, өз еркімен отставкаға кеткенін хабарлады.