ANTIKOR • 15 Мамыр, 2024

Әблязовтың сыбайласы Қазақстанға өз еркімен оралды - Антикор

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген М.Әблязовтың тағы бір сыбайласы - Алексей Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әблязовтың сыбайласы Қазақстанға өз еркімен оралды - Антикор

Фото: miro.medium.com

«Ол «Metropolitan Manageres Corp» (BVI) оффшорлық компаниясының номиналды өкілі, «Беловод крахмал комбинаты» ЖАҚ Басқарма Төрағасы және «Маис Агро» ЖШС маманы ретінде банктің 300 млн теңгеден астам сомаға ақша қаражатын жымқырған», деп нақтылады ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі. 

Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Богданов Қазақстанға оралуға және тергеуге жәрдемдесуге ниет білдірді.

«2024 жылдың 15 мамырында ҚР ІІМ Интерполының көмегімен Богданов Брюссель қаласынан (Бельгия) Алматы қаласына барды. Күдіктінің ерікті түрде оралуын, кінәсін толық мойындауын және тергеумен ынтымақтастығын ескере отырып, Богдановқа қатысты бұрын сайланған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы кепілге өзгертілді. Қазіргі уақытта күдіктінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы «БТА Банкі» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрамында жасалған ақшаны, оның ішінде шетелде жымқыру және жылыстату фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастырып жатыр.