Қылмыс • 15 Мамыр, 2024

Қызылордалық тұрғынның үйінен қару мен есірткі табылды

93 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы күндері Қызылорда облысында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордалық тұрғынның үйінен қару мен есірткі табылды

Оның аясында Қазақстан Республикасы ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, Қармақшы аудандық полиция бөлімі, ҚР ІІМ Ұлттық ұланның «Бүркіт» АЖ бірлесіп жүргізген шара нәтижесінде қармақшылық тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі мен құжатсыз қару тапты.

Тұрғынның қорасынан табылған 1 қапқа және 3 полиэтилен пакетке салынған өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөп сараптама қорытындысында 10 келіден астам кептірілген марихуана екендігі анықталды. Құжаты жоқ 16-калибрлі аңшы мылтығы мен 47 дана патрон да иісшіл ит көмегімен табылды.

П

Қазір күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр