Жәдігер • 14 Мамыр, 2024

Қаратаевтың төсбелгісі

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облыс­тық тарихи-өлкетану му­зейінің қорында Бақыт­жан Қаратаевтың Ресей им­пе­раторлық универ­си­тетінің бітірушілеріне бері­летін ромб тәріздес төсбелгісі сақ­таулы.

Қаратаевтың төсбелгісі

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Бұл тарихи құнды ескерт­кішті музей қорына Ба­қытжан Қа­ратаевтың келіні Бибіажар Бақыт­жанова тапсырған екен. Төс­белгіде ақ металдан жа­сал­ған Ресей империясының гербі бар және көк түсті эмальды крест бейнеленген.

не

Ресей империясында төсбел­гілерді, наградаларды тағу қатал тәртіп­пен қа­дағаланып отырған кө­рінеді. Төсбел­гінің мерекелік шеруге және күнделікті фракқа тағылатын екі түрі болған. Оның алғашқысы көлемдірек болып, тек салтанатты шеруде, жиындарда тағылса, фракқа тағылатын кішкене белгіні күнделікті киімге – кеуденің оң жа­ғына тағуға рұқсат етілген. Суретте Бақытжан Би­сәліұлының күнделікті тұтынған бұйымы бейнеленген.

– Қазақтан шыққан тұңғыш заңгер, мемлекет және қоғам қай­раткері, ағартушы-демократ Ба­қыт­жан Қара­таев­тың қайтыс бол­ғанына биыл 90 жыл толып отыр. Бақытжан атамыз Петербургтегі Им­ператорлық университеттің заң факультетін ерекше, өз аты жа­зылған алтын медальмен тә­мамдаған. «Осынау дүниелерді өз кезінде Ба­қытжан бабамыз ұстап-тұтты ғой» – деген ойдың өзінен-ақ бұл заттың бағасын білесің. Музей қо­рына түс­кен бұл жәдігер талай жыл тарих болып сөйлейтініне еш күмәніміз жоқ, – дейді Батыс Қазақ­стан тарихи-өлкетану му­зейінің қор сақтаушысы Мұхтар Өтесов.

 

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар