Оқиға • 14 Мамыр, 2024

Шымкентте 11 сынып оқушысы суицид жасады

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте мектеп оқушысы өзіне қол салып, көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Otyrar-ға сілтеме жасап. 

Шымкентте 11 сынып оқушысы суицид жасады

Фото: pixabay.com

Қайғылы оқиға 12 мамыр күні болды. Мектеп оқушысы үйінде өзіне қол жұмсаған.

Шымкент білім басқармасының мәліметінше, бала есепте тұрмаған. Сыныптастарымен сөзге келмеген. Мектептегі оқу үлгерімі жақсы, белсенді болған.

Полиция қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.