Аймақтар • 14 Мамыр, 2024

Зардап шеккендер баспаналы болады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан халқына» қоры есебінен тасқын судан зардап шеккен Жангелдин ауданының Көлқамыс ауылында 19, Тәуіште 22 тұрғын үй бой көтермек. Құрылысшылар іске кірісіп кетті. Тәуіш аулындағы 22 үйдің жартысын «БК Строй» ЖШС, қалғанын «РудныйСоколовСтрой», «Ирина и К» құрылыс компаниялары салады.

Зардап шеккендер баспаналы болады

Қостанай қаласындағы «БК Строй» серік­тестігінің жұмыс­шылары Тәуіштегі тұрғын үй құрылысын бастап жатыр. «Алюминстрой» ЖШС Көл­­­қамыс ауылына 10 үй са­лып береді. Ал 9 үйді «ЭлитСтройДом» құрылыс ком­­паниясы тұрғызады. Құ­рылыс­­шы­лардың айтуынша, құ­рылысқа қажет материал, техника мен жұмыс күші де жеткілікті.

«Біз Тәуіш ауылына кеше ғана келдік. 10 жылдан бері «БК Строй» құрылыс ком­паниясының шеберімін. Алла амандығын берсе, бүгін алғашқы үй­дің қазығы қағылады. Керек-жарағымызды, құрылыс ма­териал­дарын әкеп түсіріп қойдық», дейді Наурыз есімді құрылыс шебері.

Жангелдин ауданына Де­нисов, Қарабалық ауданы да кө­мектесіп жатыр. «Денисов ауданы әкімінің өзі осында келді. Жұмысшыларға керек-жарақ әкеліп, тамақтандырып жатыр», дейді Жангелдин аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жадыра Қошеметова.

Құрылысшылар іргетасы жа­ңа қаланып жатқан тұрғын үй­лерді мамыр айының соңына дейін салып бітіруді жоспарлап отыр.

 

Қостанай облысы