Таным • 11 Мамыр, 2024

Құнды сурет құпиясы

229 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сурет – үнсіз хабаршы, сурет – ескіден сыр тасушы. Әр тұстан табылған көне суреттер санамызда жаңа кеңістік ашып, ойымызды байытады. Әсіресе мәдениет пен әдебиеттегі алып­тарымыздың бізге жеткен жарқын бейнесі таптырмас құн­дылық.

Құнды сурет құпиясы

Жақында белгілі публицист, жазушы Құлтөлеу Мұқаш заңғар жазушы Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов сынды классиктеріміз бар ескі суретті әлеу­меттік желіге жүктеген болатын.

– Фотодан ұлы Мұхтар Әуезов бас­таған Ғабит Мүсірепов, Ғабдол Сла­нов, Әбділда Тәжібаев, Хамит Ерға­лиев сынды ақын-жазушылар мен актер Қа­либек Қуанышбаевты сон­дай-ақ белгілі ұйғыр қаламгері Зия Сә­мәдиді таныдым. О кісі Ғабеңнің сол жағында отыр. Мұхаңмен қатар жайғасқан кісіні Бұқара Тышқанбаев па деп долбарлаймын. Өзгелері ұйғыр ағайындар ма деген ойдамын. Осы сурет қашан, қандай жағдайда түсірілді екен?.. Зия Сәмәди қазақ еліне арғы беттен 1961 жылы келіпті. Сонда бұл Шыңжан жерінде түсірілген кескін бе, әлде..., – дей отыра қаламгер көпшілікке «мына сәттен кім хабардар?» деп сауал жолдайды.

Иә, өткен ғасырда әдебиетіміз бен мәде­ниетіміздің өр­кен­деуіне өлшеусіз үлес қосқан тұл­ғаларымыздың әр бейнесі ыстық, қым­бат. Біз тарихи суретті газе­тіміздің авторы, зиялылар өмірінің білгірі, профессор Серік Негимовтен сұрап білген едік.

 – Бұл өз елімізде түскен фото деп ойлаймын. Жоғарыда аталған Мұ­қаң мен Ғабең ор­та­сындағы кісі Зия Сәмәдиден гөрі Құр­ман­­­бек Жан­дарбекұлына келеді. «Бұ­қара» деп отырған кісі – про­­фессор Белгібай Ша­лабаев. Жоға­ры­­­рақта тақия киген – Қасым Тоғы­за­қов. Қапан Сатыбалдин де тұр. Өз елі­­мізде түс­кен деуіме себеп – Қ.Тоғызақовқа ол кезде шетел түгіл, Мәс­кеуге баруына тыйым салынған еді, – дейді профессор.

Шынында, қым-қиғаш тағдыр кешкен атпал тұлғалар өмірінің қай­бір үзігі де бү­гін мен болашақты ұғы­нуға мүмкіндік аш­пақ. Құнды сурет құ­пиясы қазақ барда ха­лықпен бірге кө­шіп, әр ұрпақ көзімен өзгеше сипат алары даусыз.