Ауа райы • 10 Мамыр, 2024

Солтүстік Қазақстан облысында көлемі жаңғақтай бұршақ жауды

49 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тура бір жыл бұрын өңірде мамыр айында қатты боран соққан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстан облысында көлемі жаңғақтай бұршақ жауды

Сондықтан тұрғындарға мұндай табиғи құбылыстың орын алуы таңсық емес.

9 мамыр Жеңіс күнінде еліміздің солтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жауды.

Ауыл тұрғындары бұршақ пен жаңбыр жауған сәттің фото-видеоларын жариялады. Облыстың оңтүстік аудандарында жаңғақтай бұршақ жауған. Тұрғындар бұршақтың көлеміне таңғалды.

Солтүстік Қазақстан облысында мамырда бұршақ жауып, дауыл соғып, күн күркірейтіні болжанған. Бір жыл бұрын да өңірде осы айда қатты боран соққан болатын.