Қазақстан • 07 Мамыр, 2024

Мәулен Әшімбаев: Еліміз еңселі болып, әскеріміздің әлеуеті арта берсін!

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Отан қорғаушылар күніне орай әлеуметтік желіде жазба қалдырып, ел азаматтарын құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев: Еліміз еңселі болып, әскеріміздің әлеуеті арта берсін!

Фото: ашық дереккөз

«Құрметті достар!

Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күні елдің бейбіт өмірі мен тыныштығын қас қақпай күзетіп тұрған әскери қызметшілер мен осы жолда еселі еңбек еткен ардагерлерге айрықша құрмет көрсетеміз. Бүгін Отанды сүю, ұлтқа қызмет ету, антқа адал болу сияқты құндылықтар да кеңінен дәріптеледі. Сондықтан елдіктің іргесін бекемдеуде бұл мерекенің маңызы зор.

Шын мәнінде, Отанды қорғау – баршамызға ортақ қастерлі парыз. Биыл алапат тасқынмен күрес кезінде халқымыз осы мәртебелі міндеттің озық үлгісін көрсете білді. Жергілікті тұрғындар арнайы мамандармен және сарбаздармен бірге бөгеттер салу ісіне үлкен үлес қосты. Бұл бейбіт күнде жасалған ерен ерліктің жарқын көрінісі екені анық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, халық пен армияның мызғымас тұтастығы дегеніміз – осы. Алдағы уақытта да еліміз еңселі болып, әскеріміздің әлеуеті арта берсін!

Айтулы мерекеде әр шаңыраққа шаттық, азаматтарымызға амандық тілеймін! Әрқашан аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын!», делінген құттықтау хабарламасында.