Қоғам • 04 Мамыр, 2024

Енді елімізде көзі тірі тұлғаларға ескерткіш қойылмайды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігі монумент орнату қағидаларына өзгерістер енгізетін бұйрықты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді елімізде көзі тірі тұлғаларға ескерткіш қойылмайды

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

«Монументтік өнер құрылыстары Республикалық ономастика комиссиясы бекіткен тарихи тұлғалар тізімінде көрнекті тұлғаның болуын ескере отырып орнатылады. Құрылыс мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға қосқан, қаһармандық пен ерлік көрсеткен ерекше жағдайларды қоспағанда, аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған және (немесе) тарихи оқиғалар болған күннен бастап бес жылдан ерте қаралмайды», делінген бұйрық жобасында.

«Ашық құқықтық ережелерде» жарияланған жобаға сәйкес, көрнекті тұлғалардың ескерткіштерін жеке аумақта орнатуға тыйым салынған. Ескерткіштердің сыртқы түрі шығармашылық байқаулар қорытындысы бойынша анықталады, оның қорытындысын арнайы комиссиялар бекітеді.