Білім • 03 Мамыр, 2024

Бос орындар жәрмеңкесі өтті

74 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп жазады Egemen.kz.

Бос орындар жәрмеңкесі өтті

Жұмыс берушілер мен бітіруші түлектер арасында еркін диалог қалыптастыру  – университетте өтетін дәстүрлі шараның негізгі мақсаты. Еңбек нарығына сараптама жасау арқылы, заман талабына сай маман даярлауды ұстанып отырған университет түлектерінің бүгінде 95 пайызы жұмыспен қамтылып, өз саласында жемісті еңбек етіп жүр.

Жәрмеңкеде университеттің академиялық қызмет жөніндегі проректоры Бану Нарбекова жұмыс берушілерге алғысын білдіріп, түлектерді жұмыспен қамтуға арналған жобалар туралы баяндады. Шарада Алматы қаласы, Алматы облысымен қатар республиканың шалғай аймақтарынан келген жұмыс берушілер де қатысып, өз мекемелерін таныстырды.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков жұмыс берушілерге университет жайында және түлектерге қатысты бірқатар маңызды деректерді айтып берді.

Жәрмеңкеге бұл жолы 135-тен астам мекеме қатысты. Олардың қатарында орта білім, мектепке дейінгі білім, жекеменшік білім беру ұйымдары, өндірістік және сатумен айналысатын компаниялар бар. Іс-шараға қатысқан жұмыс берушілер тарапынан 579 бос жұмыс орны ұсынылды. Бұған қоса ынтымақтастық байланыстар аясында Абай университетінің бітіруші түлектеріне республиканың түкпір-түкпірінен 1211 бос жұмыс орындарынан сұраныс хат түскен болатын. Жәрмеңкеге келген мекемелер түлектермен пікірлесіп, сұрақтарға жауап  берді.

пп