Аймақтар • 03 Мамыр, 2024

Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейі 8 метрден асып кетті

3037 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Атырау облысының Махамбет ауданында Жайық өзенінің суы 8 метр 12 сантиметрге жетті, деп жазады Egemen.kz.

Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейі 8 метрден асып кетті

Фото: Атырау облысының жедел штабы

«Қазгидромет» РМК Атырау облыстық филилалының гидрологиялық мониторинг дерегіне қарағанда, Жайық өзеніндегі су деңгейі күн сайын көтеріліп жатыр.

Мәселен, Индер ауданында кеше, 2 мамырда таңертеңгі сағат 08:00-де өзен арнасының суы 750 сантиметрге жеткен еді. Ал бүгін, 3 мамырда 788 сантиметрге жетті. Осылайша, бір тәулікте Жайық өзені +38 сантиметрге көтерілген.

Ал Махамбет ауданында кеше таңертең Жайықтың суы 795 сантиметр деңгейінде болатын. Бірақ кеше кешкі 20:00-де 8 метрден асып кетті. Бір тәуліктің ішінде бұл аудандағы судың көтерілу көрсеткіші +17 сантиметр құраған. Бүгін, 3 мамырда су деңгейі 812 сантиметрге жетті.

Атырау қаласында да Жайық өзенінің суы көтеріліп тұр. Кеше таңертеңнен бері су айдыны +12 сантиметрге ұлғайды. Қазір мұнайлы шаһардағы өзен арнасының деңгейі 471 сантиметрді құрады.

Соңғы жаңалықтар

Күзгі қомырған

Мирас • Кеше

Иткөйлек

Оқиға • Кеше

«Хат қоржын»

Егемен Қазақстан • Кеше

Жастар белсенділік танытты

«Таза Қазақстан» • Кеше