Музей • 30 Сәуір, 2024

Ашық аспан астындағы мұражай

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы археологиялық мұражай-паркін құрудың алғашқы кезеңі аяқталуға жақын. Жобаның жалғасы ретінде келушілерге заманауи сандық технологиялар арқылы ежелгі заманға саяхат жасауға мүмкіндік беретін нысан салынады.

Ашық аспан астындағы мұражай

Сан ғасырлық тарихы бар қа­лашық ежелгі Яссы қаласының бір бөлігі болғандықтан, жоба ЮНЕСКО қадалағауымен жүзеге асырылып жатыр. Күмбездің темір конструкциялары, жабындары ор­натылған. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО қорғауындағы тарихи мұра болғандықтан, оның аумағындағы жұмыстар қатаң қадағалануға алын­ған. «Бұл қалашықтың әр тасы – тарих. Жұмыстар тарихи жәдігерлерге зиян келтірмеуге тиіс. Көгал­дандыруға аса мән береміз. Айналасы жасыл желекке оранып, туристерді баурап алатындай болуы керек. Бой көтеретін жаңа нысандардың сапасына баса назар аудару қажет. Тарихи әрі туристік нысанда тұтас бір үйлесімділік болуға тиіс», деді қала­шықта ат­қарылып жатқан жұ­мыс­тарды бақылаған облыс әкімі Дархан Саты­балды.

ми

Тарихи қалашықтағы құрылыс жұмыстары жал­пы аумағы 30 гек­тарға жуық жерде жүр­гізіл­ген. Жобаның алғаш­қы кезеңінде шетел­ден арнайы тапсырыс­пен жасалған 4 шатырлы күм­­без орнатылды, 27 ті­рек, кәріз сорғы стансасы мен дренажды жүйе са­лынды. Күлтөбе қа­ла­шығын қалпына кел­тіру мен ғылыми зерт­теуге жергілікті ғалым­дар атсалысты. Қала­шық­та әртүрлі кезең нысан­дарының эскиздері – қол­өнершілердің тұрғын үй­лері, заттар, ежелгі сауда көшелері, шеберханалар, ішкі аулалар және

XII-XIX ғғ. бекініс қа­быр­ғаларының элемент­тері табылған. Осы жәді­герлер «Күлтөбе қала­шы­ғы» пар­кіне орнатылып, сая­хат­шыларға ұсынылады.

 

ТҮРКІСТАН