Қоғам • 30 Сәуір, 2024

«Алаяқтық жасаған»: Ақтөбеде аудандық мәслихат депутаты сотталды

77 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәслихат депутаты Ақтөбе облысында шаруа қожалығына бөлінген 457 миллион теңге субсидияны ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Алаяқтық жасаған»: Ақтөбеде аудандық мәслихат депутаты сотталды

Фото: qaz365.kz

Іс Ақтөбенің №2 сотында қаралды. Депутатқа алаяқтық, яғни алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша бірнеше рет аса ірі мөлшерде қылмыс жасады деген айып тағылған.

2020 жылы депутат несие рәсімдеу кезінде анық емес ақпарат беріп, 390 млн теңге несие алған. Ол алған ақшасын туысқанына тапсырды, кейін депутаттың жеке шотына 290 миллион теңге түскен.

«2021-2022 жылдары субсидия алуға жалған өтінім беріп, 67 млн алған. Бірақ ол оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған», делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот депутатты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы «Алаяқтық» бойынша кінәлі деп таныды. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар