Спорт • 29 Сәуір, 2024

Лицензиялық турнир: грек-рим күресінен екі балуан бақ сынайды

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Стамбұлда күрес түрлерінен өтетін олимпиадалық іріктеу турнирінде Қазақстан сапынан бақ сынайтын екі балуанның есімі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Лицензиялық турнир: грек-рим күресінен екі балуан бақ сынайды

Фото: olympic.kz

Дүбірлі додаға 67 келідегі салмақта Дінмұхаммед Қошқар және 97 келіде Юсуф Мациев қатысады. Бұл туралы Kaz_wrestling телеграм-арнасынан мәлім болды.

Париж Олимпиадасына жолдама үлестіретін әлемдік іріктеу бәсекесі мамыр айының 9-12 күндері өтеді. Аталған жарысқа еліміздің грек-рим, еркін және әйелдер күресі құрамалары қатысады.

Айта кетсек, әзірге ұлттық құрамада 4 жолдама бар: бұған дейін грек-рим күресі балуандары Бішкекте өткен Азия аймақтық іріктеу турнирінде 3 жолдамаға ие болған. Жолдамаға Айдос Сұлтанғали (60 келі), Демеу Жадыраев (77 келі), Әлімхан Сыздықов (130 келі) қол жеткізген. Сондай-ақ 2023 жылғы әлем чемпионатында Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) жолдама жеңіп алған еді.