Өнер • 29 Сәуір, 2024

"Астанаға көктем кеш келеді" фильмімен танылған актриса ерекше қызының диагнозы туралы айтты

3364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Астанаға көктем кеш келеді" фильмімен танылған актриса Арай Ордабаева ерекше қызының диагнозы туралы алғаш рет айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Астанаға көктем кеш келеді" фильмімен танылған актриса ерекше қызының диагнозы туралы айтты

Бұл туралы актриса журналист Айгерім Сейфоллаға берген сұхбатында мәлімдеді.

- Ол кезде маған мотивация керек еді. Енді мен басқа ата-аналарға мотивация беремін деп ойламаппын. Әлеуметтік желіде маған көп хат келеді. Аллаға шүкір, қызым 11-ге келді. 21 жасымда қызымды өмірге әкелдім. Қызым Айшада Даун синдромы. Ондай диагнозы бар адамдарды мүлде көрмегем. Балам ішімде жатқан кезде дәрігерлер Айшада Даун синдромы екенін айтты. Анализдер тапсырдық. Анализ қорытындысы бойынша синдром расталмады, бәрі жақсы деп қуандық. Толғағым келіп, балам туылды. Баламды көрсетті, бірақ ешкім үндемейді, ешкімнің көңіл-күйі жоқ. Ал мен қызымды көргеніме бақытты болдым.

Бірақ ертесінде мені гинеколог шақырып, жолдасым, енемнің көзінше қызымның диагнозын айтты. Сол кезде балам адам бола ма, жоқ па деген сұрақ болды, - дейді актриса.

Осылайша актриса анализ тапсырған орталық қате жіберген болып шыққан.