Бизнес • 27 Сәуір, 2024

Отандық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады

241 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Отандық тауар өндірушілер табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу кезінде артықшылыққа ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады

фото: www.gov.kz

Тиісті жұмысты мемлекеттік органдар Мемлекет басшысы мен ҚР Үкіметі басшылығының тапсырмаларын орындау шеңберінде жүргізді.

Бүгінгі күні табиғи монополиялар саласындағы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілді, олар отандық өндірушілерге бағаны шартты түрде 10%-ға төмендету түрінде сатып алудың басқа қатысушыларына қарағанда артықшылық береді. Бұл жылу, газ, электр, сумен жабдықтау және су бұру мекемелеріне қажетті тауарларды жеткізуге қатысты.

Бұл түзетулер отандық материалдарды, жабдықтарды және басқа да өнімдердің өндірушілерін коммуналдық кәсіпорындардың конкурстарына қатысуға ынталандыруға арналған. Қазіргі уақытта Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бойынша толыққанды жұмыс жүргізіліп жатқанын ескере отырып, тиісті тауарларға тұрақты ұзақ мерзімді сұраныс пайда болуда. Бұл отандық бизнес үшін жаңа перспективалар ашады.

Табиғи монополиялар субъектілерінің барлық сатып алулары осы үшін бөлінген сауда алаңдарында электрондық форматта жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

Коммуналдық кәсіпорындар және квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын табиғи монополиялар субъектілерінің басым бөлігі сатып алуды мемлекеттік сатып алу туралы заңнама және Самұрық-Қазына қорының ережелері шеңберінде жүзеге асырады.

Табиғи монополиялар саласындағы заңнамалық актілерге енгізілген түзетулер табиғи монополиялардың жеке субъектілерін сатып алу тәртібін реттейді.

Бұл ретте, жаңа енгізілген түзетулер қолданылатын табиғи монополиялардың базалық субъектілері (жеке) 2023 жылы жалпы сомасы 93 млрд теңгеден астам тауарлар сатып алды. Оның 26 млрд теңгеден астамын отандық өндірушілер, 66 млрд.теңгеден астамын импорттық өндірушілер құрайды.

Осы норманың енгізілуіне байланысты, биылғы жылы табиғи монополиялар субъектілерін сатып алуларында отандық тауар өндірушілердің қатысу үлесін арттыру жоспарланы жатыр.

Отандық өндірісті одан әрі кешенді қолдау және дамыту жөніндегі жұмыс ҚР Үкіметінің бақылауында.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025