Көкшетауда Ақмола облысының «Туған жер» Отан даңқы қоғамдық музейлері байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау шарасы өтті.
Шара елдің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы негізінде Отан жастарын патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған.
Байқауға 200-ден астам қоғамдық музей мен музей типтес құрылымдар, мәдениет ұйымдары, білім беру, спорт жүйелері, балалар, жастар, ардагерлердің қоғамдық құрылымдары, ұлттық мәдениет орталықтары қатысты.
Байқау екі кезеңмен әрі тартысты өткенін айту керек. Оның жеңімпаздары ретінде түрлі аталымдар бойынша топ жарған Ақмола облысының 24 қоғамдық музейі іріктеп алынды. Байқаудың барлық қатысушылары түрлі дипломдармен, арнайы төсбелгілермен, құнды сыйлықтармен, алғыс хат және мақтау қағаздарымен, сертификаттармен марапатталды.
«Егемен-ақпарат».

Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Кеше
Атом энергетикасы саласы: Ұзақ мерзімді бағдар айқындалды
Энергетика • Кеше
Жапонияда 7,7 балдық жер сілкінісі тіркелді
Табиғат • Кеше