Ауа райы • 24 Сәуір, 2024

Найзағай, бұршақ, боран. Алматыда күн райы күрт бұзылды

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін кешке Алматыда күн райы күрт бұзылды. Қала аспанын қара бұлт торлап, нөсер құйған. Соңыра бұршақ жауған, деп жазады Egemen.kz.

Найзағай, бұршақ, боран. Алматыда күн райы күрт бұзылды

Фото: Kris_p_almaty

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті қала ішінде бірнеше ағаштың құлағанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта 109 құтқару қызметінің техникасы мен мамандары Алмалы ауданы, Қазыбек би көшесі, 65-үйдің жанында ағаштардың құлауы туралы хабарламаларға шықты. Сондай-ақ Бостандық ауданы, Шашкин мен Попов көшесінің қиылысында және Орбита-3 шағын ауданында ағаштар жолға құлаған. Аумақты тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр», делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

оо

оо