Білім • 24 Сәуір, 2024

Қазақстанда CityU Гонконг университетінің филиалы ашылады

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде әлемнің жетекші университеттерінің бірі - CityU Гонконг университетінің филиалы ашылады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда CityU Гонконг университетінің филиалы ашылады

Фото: 321start.kz

Бұл серіктестік қос мемлекеттің жоғары оқу орындарының дамуындағы негізгі қадам болмақ. Ел университеті CityU-дің озық әдістемелері мен зерттеулерін қолдана отырып, инженерия, бизнес, медиа және шығармашылық өнер, құқық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарды оқытады.

Сарапшылар аталған филиалдың ашылуы Қазақстанның жоғары білім беру жүйесі үшін айтулы оқиға екенін атап өтті, себебі студенттерге ғылымның әртүрлі салаларындағы озық білім мен технологияларға қол жеткізуге мүмкіндік туып отыр.

«CityU Гонконг университеті филиалының ашылуы студенттерге не береді? Қазақ студенттері халықаралық білім кеңістігіне еніп, ең жақсы материалдық-техникалық базалардың бірінде оқуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ ізденушілердің білім деңгейін жақсартуға үлес қосады», деді Сәтбаев университеті Ақпараттық технологияларды автоматтандыру институты директорының орынбасары Айжан Қасымова.