Әлем • 24 Сәуір, 2024

«Марсқа ұқсайды»: Грекияда аспан қызғылт сарыға боялды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Грекияда құмды дауыл соғып, аталған елдің бас шаһары - Афинаның аспаны қызғылт сары түске боялды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Марсқа ұқсайды»: Грекияда аспан қызғылт сарыға боялды

Фото: protothema gr

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі тыныс алу жолдары сырқатына шалдыққан жандарға ашық ауада жүрмеуді ескертті.

Желі қолданушылары шаһар Марс планетасына ұқсап қалғанын айтып отыр. Protothema сайты медициналық қызметтерге қоңыраулар көбейгенін хабарлады.