Оқиға • 24 Сәуір, 2024

Петропавл тұрғынының үстіне қабырға құлап кетті

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласында жеке үйді бұзу барысында 49 жастағы ер адамның үстіне қабырға құлаған. Зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Петропавл тұрғынының үстіне қабырға құлап кетті

Фото: Tengrinews.kz

Қайғылы оқиға кеше, 23 сәуір күні болған. Полиция қызметкерлері Партизанская көшесінде болған жазатайым оқиға туралы сағат 15:00-де хабар алған.

«Ол оқиға орнында қаза болды», делінген облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада. 

Ведомствоның баспасөз хатшысы аталған дерек «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілгенін қоса хабарлады.