АҚТӨБЕ. 6 қаңтар. 2015 жылғы 1 қаңтарда 20 сағат 35 минутта Ақтөбе қаласы ішкі істер басқармасы жедел басқару орталығының «102» телефонына белгісіз ер адам хабарласып, басқарма ғимаратына жарылғыш зат қоятыны туралы мәлімдеген. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Хабар түскен бойда ішкі істер департаментінің барлық жеке құрамы дабыл бойынша дереу көтерілді. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол мас күйінде ішкі істер басқармасы ғимаратына жарылғыш зат қоятыны туралы хабарлаған 34 жастағы қала тұрғыны екені белгілі болды. Заттай дәлелдеме ретінде ұялы телефон мен сим-картасы тәркіленді.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша оқшаулау қамағына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: timeskz.kz.
• 06 Қаңтар, 2015
Ақтөбеде жалған жарылыс туралы хабарлаған күдікті ұсталды

Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше
Иран әуе кеңістігін ішінара ашты
Әлем • Кеше
Әл-Фараби даңғылында жол ережесін өрескел бұзғандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Жерде магниттік дауыл басталды
Оқиға • Кеше
Бітімгерлердің БҰҰ миссиясына дайындығы тексерілді
Қоғам • Кеше